top of page

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек

Writer: Simply
Simply
Apr 10, 2024
1 min read

Биыл Қазақстандағы көптеген ауылдың тұрғыны көктемгі су тасқынынан зардап шекті. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай жарияланды.


ТЖ аумағындағы, Beeline нөмірі бар адамдар туған-туысымен байланыста болу үшін, бонустық гигабайттар мен минуттар алды. Бірақ ол баспана болмайды.

Егер әрбір жан су тасқынынан зардап шеккендерге ең кемі 10 тг жіберсе, үлкен көмек болмақ.


Көмектесудің 2 жолы:


  1. «Менің Beeline-ым» немесе Simply қосымшасына кіріңіз, «Төлемдер» - «Қайырымдылық», содан соң 10 теңгеден 129 220 теңгеге дейінгі шамаңыз келетін соманы жазыңыз (қаражат Beeline мобильді теңгерімінде немесе Simply әмиянында болуы тиіс). Сондай-ақ, Simply басты бетінде «Қайырымдылық» түймесі бар.

  2. *7777# пәрменін теріп, қоңырау шалу пернесін басыңыз, содан соң, ашылған терезеде 10 теңгеден 30 000 теңгеге дейін жазыңыз (қаражат Beeline мобильді теңгерімінде болуы тиіс).

Ақша «Zhyly Zhurek Foundation» қорының шотына түседі. Жиналған сома қор есебінен ұлғайып, зардап шеккен отандастарды қолдауға жұмсалмақ. Есеп айқын әрі көпшілікке қолжетімді болады.


Өтіп кетпеңіз, өйткені ерте ме, кеш пе, су кетеді, ал жасаған қайырымды ісіңіз қалады.

Қолдауыңызға рахмет!




 
 
 

Recent Posts

See All
Simply Janymda-ға көшпек

15.10.26 бастап Simply қызметтері тек Janymda қосымшасында ғана болады. Біз цифрлы сервистерді бірыңғай экожүйеге біріктіріп жатырмыз. Не өзгереді? Бұрын Simply-ді жеке мобильді қосымшада да, Janym

 
 
Жоспарлы жұмыстар

Біз сервисті жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан жоспарлы жұмыстардың саны артты. Толығырақ: Қыркүйек Күні Уақыты Әсері 09-10.09.2026 19:00-23:59 Beeline мобильді балансынан толықтырудың

 
 
Simply әмиянынан аударым жасаудың жаңа шарттары

2026 жылғы 15 қазаннан бастап Simply әмиянынан ҚР банктерінің карталарына жасалатын аударымдардың шарттары өзгереді: комиссия 9,5% (ең азы 300 ₸) құрайды, ал Simply әмиянын комиссиясыз толықтыруға бол

 
 

Comments


Commenting on this post isn't available anymore. Contact the site owner for more info.
bottom of page