Simply Janymda-ға көшпек

15.10.26 бастап Simply қызметтері тек Janymda қосымшасында ғана болады. Біз цифрлы сервистерді бірыңғай экожүйеге біріктіріп жатырмыз.
Не өзгереді?
Бұрын Simply-ді жеке мобильді қосымшада да, Janymda-да да пайдалануға болатын. 15.10.26 бастап Simply тек Janymda-да қалады: Басты бет → Simply бөлімі.
Қолдау чаты өзгеріссіз қалады.
Неге бұл ыңғайлы?
бірыңғай мобильді нөмір арқылы кіру
қызметтерді басқару ыңғайлы бола түседі
Simply мен басқа сервистер бірден бір қосымшада
Назар аударыңыз: біраз уақыт Simply әмиянынан басқа банктердің карталарына ақша аудару мен әмиянды басқа банктердің карталарынан толықтыру жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл мүмкіндіктер қайта іске қосылғанда хабарлаймыз.
Не істеу керек?
Егер Janymda қосымшасын пайдаланып жүрсеңіз, оны соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз. 15.10.26 бастап Simply-дің үйреншікті мүмкіндіктері Android пайдаланушыларында, ал 19.10.26 бастап iOS пайдаланушыларында болады. Егер Janymda қосымшасын әлі пайдаланбаған болсаңыз, қосымшаны орнатып, Simply-дегі мобильді нөміріңізбен тіркеліңіз.

Comments