top of page

Есеп айырысуға онлайн жинаймыз: Simply-дің жаңа функциясы жүйкеңізді сақтауға көмектеседі

  • Writer: Simply
    Simply
  • Jun 6, 2023
  • 1 min read

Updated: Jun 7, 2023

Сіз кафеде бөле есеп айырысып, достарыңызбен сыйға ақша жинап, тұрғындармен коммуналдық қызмет ақысын бірге оңай төлей алуыңыз үшін Visa Direct платформасына негізделген «Төлемге сұраныс» функциясын қостық.


Сұранымды қалай жасау керек?


1. Қолданбаның басты бетінде «Төлемге сұраныс» функциясын табыңыз

2. Сұрататын соманы қалай бөлу керегін таңдаңыз: бәріне теңдей не әр адамның үлесін қолмен енгізіңіз

3. Сұраныс жібергіңіз келетін 10 адамға дейін белгілеңіз

4. Қажет соманы таңдап, сұраныс жіберіңіз

5. Қолданбада Сізге кім қаражат жібергенін бақылаңыз


Сұраныс бойынша қалай қаражат жіберу керек?


1. Біреу Сізге төлемге сұраныс жіберсе, хат-хабар келеді

2. Сұраныстан бас тарта аласыз немесе сұранған адамға қаражат аудара аласыз

3. Аударымыңызды SMS арқылы растайсыз, болды!


Ақша жинау кезінде ешқашан ұрыс жағдайы тумасын деп тілеймін ;)


Ал сұрақтарыңыз пайда болса, қолдау қызметіне жүгініңіз. Сіздің барлық сұрағыңызға күн-түн демей жауап береміз.



 
 
 

Recent Posts

See All
Жоспарлы жұмыстар

Біз сервисті жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан жоспарлы жұмыстардың саны артты. Толығырақ: Тамыз Күні Уақыты Әсері 18.08.2026 17:00-20:00 Simply, Janymda-дағы "Simply" бөлімінің мен Bee

 
 
Simply 15–17 тамызда жұмыс істемейді

15, 16 және 17 тамызда Beeline қызмет сапасын жақсарту үшін жүйелерді жаңартады. Осы уақытта Simply қосымшасы мен Janymda қосымшасындағы Simply бөлімі жұмыс істемейді. Шектеулер уақытша, бірақ электро

 
 

Comments


Commenting on this post isn't available anymore. Contact the site owner for more info.
bottom of page